|
02.09.2023 | 19:08
3147

Алматыда Шаляпин көшесінде жөндеу жұмыстары жалғасуда

Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар

Алматыда Шаляпин көшесінде жөндеу жұмыстары жалғасуда smi24.kz

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес, биылғы жоспарға Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған болатын. Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі жөндеу жұмыстары аяқталды және көлік қозғалысы толығымен ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2 қыркүйек сағ. 23:00-ден 3 қыркүйек 06:00-ге дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің солтүстік қапталында Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара уақытша шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында,  телеграм арнасында, сонымен қатар 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында жазылған.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарын ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир