|
25.01.2019 | 19:12
6116

Алатау ауданында салынып жатқан автопаркте 650 жұмыс орны ашылады

Алатау ауданында салынып жатқан автопаркте 650 жұмыс орны ашылады

Алматының Алатау ауданында салынып жатқан жаңа автопарктің құрылысы 60 пайызға аяқталды. Қазір техникалық қызмет көрсету, көлік жуу, диспетчерлік қызмет, жатақхана нысандары салынған және ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Нысан пайдалануға толық берілгенде 650 жаңа жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы күні газбен дәнекерлеу жабдықтары сатып алынған. Жазға дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп күтілуде. Мегаполис басшысына «Бату travel» компаниясының 130 автобусқа арналған автобус паркінің құрылысы көрсетілді. Жобаға тартылған жеке инвестиция көлемі 1,3 млрд теңге. Алдағы уақытта Индустриалды аймақ маңында қаланың қоғамдық көлігіне қызмет көрсететін кәсіпорындар кластері пайда болмақ.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде №99 бағытты жаңарту үшін «CityBus» автопаркі сатып алған «Golden Dragon» маркалы қоғамдық көліктерді көрді.

Жаңа, үш есікті, төмен еденді, кондиционерлермен, электронды таблолармен, бейнекамералармен жабдықталған әрі Евро-5 экологиялық стандартына сай автобустар осы сенбі күні Әйгерім және Көктөбе елдімекендеріне жолаушылар тасымалдауға шығарылатын болады.

Еске салайық, Алматыда көлік реформасы барысында 2018 жылы қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобустар жүре бастады. Биыл қаланың автобус паркі қосымша жаңаратын болады. Сонымен қатар, «Алматыэлектротранс» компаниясының қаржысы есебінен газбен жүретін тағы 200 жаңа қоғамдық көлік алынады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир