Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

23.02.2023 00:13

Mitsubishi көлігінің жүргізушісі – 29 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді

Фото: Shutterstock

Ақтөбе облысында жол апатынан ер адам мен оның 3 баласы мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жантүршігерлік оқиға Самара-Шымкент тас жолының 938-шақырымында болған. Mitsubishi автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жарақат алған Mitsubishi көлігінің жүргізушісі – 29 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

«Жолаушылары – 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 жылы туған 3 баласы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.