Алматыда автобус жүргізушілерінің көрсеткіші тікелей жолаушыларға тәуелді болмақ

Алматыда автобус жүргізушілерінің көрсеткіші тікелей жолаушыларға тәуелді болмақ
Жолаушылар көлігі мекемелерінің қауымдастығы жүргізушілер туралы деректер қорын жасап шығарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді қоғамдық көлік жүргізушілерінің негізгі қызметі алматылықтарға тікелей байланысты болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жолаушылар көлігі мекемелерінің қауымдастығы жүргізушілер туралы деректер қорын жасапты. Ол жерде жұмыс орны, еңбек өтілі, жол ережесін қанша рет бұзғаны, айыппұлдары мен жолаушылардың бағасы көрініп тұрады. Осы мәліметтер арқылы әр жүргізушінің рейтингісі анықталып, алдыңғы қатардан көрінбегендері «қара тізімге» енеді. Соңғысына іліккендер басқа автопарктерге жұмысқа тұра алмайды екен. Деректор қорына қазір 3 мың 416 қоғамдық көлік жүргізушісінің мәліметтері енгізіліпті.

«Қалада көлік жүргізушілері көп. Сол себепті, бірыңғай деректер қорын жасадық. 600 жүргізушіні «Еңбек» бағдарламасы бойынша қайта оқуға жібердік. Жұмысына салғырт қарайтындарды босатамыз. Қалғандарына қолдау көрсетеміз. Аттестациядан өткізу барысында олардың 40 пайызы жол ережесін білмейтін болып шықты», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан ӘУКЕНОВ.

Алматыда автобус паркі шілде айына дейін 100 пайыз жаңартылады. Осы мақсатта жаңа 544 автобус сатып алынған. Сонымен қатар, барлық қоғамдық көлікке бейнекамералар да орнатылады.  


Новости партнеров