Қазақ-өзбек шекарасындағы кептеліс: екі ел арасында келіссөз жүргізіледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шекарадағы қызметті жеделдету бойынша Өзбекстанның мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазірдің өзінде ондағы жүк көліктері қозғалысының мәселесін шешу үшін бірқатар іс-шара қабылданып жатыр. Аталмыш комитет пен шекара қызметі және Сыртқы істер министрлігі өкілдері жұмылдырылған ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды,

– Бүгінгі таңда бірқатар кедендік рәсімдерді жүргізу барысында оңтайландыру процедуралары қолға алынып отыр. Қазіргі уақыттың өзінде кеден бекеттерінде жұмысшылардың штаттық саны ұлғайтылып, күшейтілген режимде жұмыс істеп отыр. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер комитетінің диспетчерлік басқармасы тәулік бойы жұмыс жасап отыр, – деді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева

Естеріңізде болса, бұған дейін Түркістан облысындағы Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында 100-ден аса жүк көлігінің кептеліп тұрғанын айтқан едік. Екі ел жүргізушілері ұзын-сонар кезектің ұзаққа созылғанын айтып шағымданған болатын.

Новости партнеров