Полиция қызметкерлері бірнеше ұсыныс айтты
Мопед иелеріне жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік тіркеу нөмірін міндеттеуі мүмкін. Алайда заң жобасы әлі де қарастырылмақ. Бұл туралы бүгін қалалық полиция департаментінде курьерлік қызмет өкілдерімен болған кездесуде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция қызметкерлері жағымсыз жайттың алдын алуға бағытталған біршама ұсынысты тізбектеді. Олардың ішінде тауар жеткізушілерінің жол қозғалыс ережелерінен білімін тексеретін онлайн тест өткізу және жас шегін 16-дан 18-ге ұлғайту мәселесі бар. Сондай-ақ оларды «Сергек» камерасының көмегімен табу жағы қарастырылып жатыр.
«Біздің ұсынысымыз мопедке белгілі бір нөмірді тағайындау керек. Сол нөмірдің көмегімен көліктің қайда, калай жүргенін бақылаймыз. Сәйкесінше жауапкершілікті сезінген курьер ереже бұзбауға тырысады», – деді Sergek development компаниясының өкілі Нұрбол Әміржан.