Петропавлда көпір биыл тағы да жөндеуге жабылды
Almaty.tv
Мамандардың айтуынша, мамыр айында жөндеу жұмыстары аяқталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Петропавлда жыл сайын жарықшақ пайда болатын көпір биыл тағы да жөндеуге жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал тұрғындар қайта-қайта жұмыс істелсе де, ақаудың реттелмегеніне шағымданады. Олар «көпірдегі жарықшақтан төмендегі пойызды көруге болады» деп наразы. 2014 жылы реконструкция үшін 567 миллион, ал 2021 жылы 21 миллион теңге бөлінген көпірдегі қозғалыс биыл тағы 11 күнге жабылып отыр.
«Өткен жылы жұмыстардың бәрі толық аяқталды. Қараша айы болғандықтан, ауа-райының өзгеруіне байланысты асфальт жабындысын жөндеуге мүмкіндік болмады. Мамырдың 10-20 дейін осы жұмыстар толық аяқталатын болады», – деді қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25