Өзгеріс жолаушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында іске аспақ
Апаттық жағдайлардың алдын алу мен жолаушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында 9 қаңтардан бастап № 59, №113 "Алматыэлектротранс" ЖШС маршруттарының бағыты өзгертіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді олар Құлжа трактімен ШААЖ-қа қарай жүріп бара жатқанда Рысқұлов даңғылына шықпай көпірдің үстімен жүріп өтетін болады.
Сонымен қатар 10 қаңтардан бастап № 53 маршруттың соңғы аялдамасы өзгертіледі.
Енді ол Кемертоған ауылына дейін жүріп, "Мектеп" аялдамасынан бұрылады да, кері қарай сызбасы бойынша қозғалады. Маршрутта 8 автобустың орнына 11 жаңа жылжымалы бірлік қызмет көрсететін болады.
Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы