|
20.06.2022 | 19:58
5954

№ 123 автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді

21 және 22 маусымда

№ 123 автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді

Левитан көшесінде кабель желілерін салу және қозғалыс жолағының жабылуына байланысты 2022 жылғы 21 және 22 маусымда № 123 бағыттың қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. Бұл туралы «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Солтүстік бағыттағы қозғалыс кезінде - Розыбакиев көшесі - Ходжанов көшесі - Гагарин даңғылы - бұдан әрі схема бойынша өзгереді. Оңтүстік бағытта - өзгеріссіз.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүрер жолдарыңызды алдын ала ойластырып алуларыңызды сұраймыз», - деліген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир