|
18.05.2023 | 19:58
2698

Top Driver: Алматыда экскаватор жүргізушілері мен жүк көлігін тізгіндеушілер өзара бақ сынады

Кәсібилер байқауын көлік құралын сатумен айналысатын Sevalo компаниясы ұйымдастырып отыр

Top Driver: Алматыда экскаватор жүргізушілері мен жүк көлігін тізгіндеушілер өзара бақ сынады Almaty.tv

Алматыда экскаватор жүргізушілері мен жүк көлігін тізгіндеушілер өзара бақ сынады. Арнайы техниканы басқаратын мамандар кәсіби шеберлігін көрсету мақсатында Top Driver байқауына қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кәсібилер байқауын көлік құралын сатумен айналысатын Sevalo компаниясы ұйымдастырып отыр. Бұл - SDLG маркалы құрылыс техникасының жаһандағы жалғыз дистрибьютері. Аталған зауыт экскаватор, бульдозер мен түрлі жүк көлігін шығарумен айналысады. Нарықта 12 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан компанияның бүгінде 5 мың тұтынушысы бар.

– Бұл компаниямен біз жұмыс істеп жатқанымызға 4 жыл болып қалды. Техниканың сапасы өте жоғары, сервисі де жақсы, – деді Sevalo Engineering Machinery Kazakhstan ЖШС серіктесі Елдос Бақытнұрұлы.

– Бүгінгі іс-шарамыз былтырдан бастап, дәстүрлі үрдіске айналдырып келеді. Осыған дейін Қазақстанда арнайы техника жүргізушілеріне деген қызығушылық немесе осындай іс-шара ұйымдастырылмайтын еді, – деді Sevalo ЖШС директоры Азамат Әжібекұлы.

Компания басшыларының айтуынша, мұндай іс-шара ұйымдастырудағы басты мақсат – жастарды осы салаға тартып, жұмыссыздықпен күресу. Ал сайыста үздік деп танылған шеберлер құрылыс техникасын басқаруда да бірінен-бірі қалыс қалмады.

– Sevalo компаниясының жарысына Астанадан келіп отырмын. Осы SDLG фирмасының техникаларымен жұмыс істеп келе жатқаныма 6 жыл болды. Жүлделі болудан үміттімін, – деді байқауға қатысушы Жайлаухан Аумақ.

Іс-шараға аталмыш компанияның тау кен құрылысына арналған арнайы техника жүргізушілері қатысып жатыр. Олар – еліміздің түкпір-түкпірінен келген өз ісінің хас шеберлері.

Ұйымдастырушылар кәсібилердің қызыққа толы байқауын жыл сайын өткізуді ойға алған. Ал жеңімпаздарға бағалы сыйлық табыс етіліп, арнайы дипломмен марапатталады.

Гүлмарал Изатқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир