Елордада 276 мотоцикл жүргізушісіне әкімшілік іс қозғалды

Almaty.tv
Almaty.tv
Нұр-Сұлтанда «Сергек» мотоцикл жүргізушілерінің жол ережесін бұзу фактілерін тіркей бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда «Сергек» мотоцикл жүргізушілерінің жол ережесін бұзу фактілерін тіркей бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция қызметкерлері елордада көлік құралдарының артқы нөмірлік белгілер бойынша сәйкестендіру негізінде құқық бұзушыларды анықтауға мүмкіндік беретін фото-бейнетіркеу камералары орнатылғанын хабарлады. Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерін танудың арнайы компьютерлік бағдарламасына өзгерістер енгізілгеннен кейін камералар автомобильдердің ғана емес, сонымен қатар6 мотокөліктің де ереже бұзуын тіркеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл функция нөмірді тез табуға қабілетті. Сонымен қатар, нөмір аударылып тұрса да, жүйе оны тани алады. Тәртіп сақшылары осы күнге дейін мотоцикл жүргізушілері жауапкершіліктен құтылып кетіп отырғанын айтады.

«Елордада 276 мотоцикл жүргізушісіне  әкімшілік іс қозғалып, 174 жүргізушіден  айыппұл өндірдік. Қазіргі уақытта осы жаңа функцияның қосылғанының арқасында жүргізушілер арасында жүргізушілік тәртіптер, яғни жол ережесін бұзу шамалы бәсеңдеп келе жатыр», – деді қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Нұрлан Дулат.

Новости партнеров