Алматыда троллейбус​тар бағыты уақытша өзгереді

01.07.2023 01:11

Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасы хабарлады

Almaty.tv

Алматыда №1 және №9 троллейбус бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды Almaty.tv.

30 маусымнан бастап жылу желілерін қайта құру жұмыстарынан кейін жол жабындысының зақымдалуына байланысты Гагарин даңғылының Есқараев көшесінен Ходжанов көшесіне дейінгі бөлігінде №1 және №9 маршруттардың сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі. Троллейбустар Тимирязев көш. батыс - Розыбакиев көш оңтүстік - Березовский көш шығыс  - Гагарин даңғ солтүстік, одан әрі маршрут бойынша жүреді.

Дерекөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Оқи отырыңыз: Алматыда қай көшеде көлік қозғалысы шектеледі