Рейд барысында 20 адамға хаттама толтырылып, 10 жолаушы ескерту алды
Биыл Алматы облысында 919 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 169 адам көз жұмған. 1311 адам ауыр жарақат алған екен. Бүгіннің өзінде тәртіп сақшыларының жүргізген арнайы рейд барысында Алматы-Көкпек тас жолында 3 адам жол апатынан жан тәсілім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық маңызы бар Алматы-Көкпек Құлжа тас жолының тәртібін түзетуге кірістік. Жол жиегінен келіп қосылған көліктердің есебінен қалаға кіре беріс бағытта кептеліс туындады.
«Шелек-Хоргос тас жолының бойында, рейдтік іс-шаралар өткізілді. Іс-шара барысында жаяу жүргіншілер белгіленбеген орыннан өтуі, жылдамдықты асыру, ара-қашықтықты сақтамау сынды құқықтық бұзушылар анықталды», – деді облыстық ПД ЖПҚБ батальонының кезекші көмекшісі Дархан Ибраев.
ЖПП қызметкерлерінің айтуынша, жол апаты жоғары жылдамдықпен қарама-қарсы бағытқа шығып кету салдарынан орын алады. Дәл қазір сондай жол тәртібіның сақталмауынан жол апаты тіркелді.
Жедел шақыртуға келген жол полициясының айтуынша, 2 адам ауыр жарақат алып, бір адам көз жұмған. Бейнетіркегіште көліктердің бұрылыста соқтығысқаны анық көрініп тұр. Жергілікті тұрғындар бұл маңда көлік қатты жылдамдықпен жүретінін айтты.
«Мына жерден өту өте қауіпті. Жасыл жанып тұрса да біз өте алмаймыз. Көліктер қарамайды, өтіп кете береді», – деді Саймасай ауылының тұрғыны Гүлдаям Есіркепова.
Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында рейд жұмыстарын жиі өткіземіз деген облыстық жол патрульдық батальонының басшысы жүргізушілер сақ болса дейді.
«Жолдан күнде өтемін. Көріп жатырмын қанша жол тәртібі бұзылады. Жастар көпшілігі. «Жолда жалғыз емессіңдер, басқа кінәсіз адамдар мерт болып жатыр, балалар, ата-ана бар, байқаңдар» деп ескертеміз», – деді Алматы облысы тұрғыны Ролан Жаламысов.
«Биыл Алматы Облысы ПД ЖПҚБ батальонының қызмет атқаратын аумағында 345 жол көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 95 адам қаза тауып, 525 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Биыл 80-мыңға жуық хаттама толтырылды, оны ішінде 200 жүргізуші мас күйде ұсталды», – деді облыстық ПД ЖПҚБ батальон командирі Нұржан Үстеміров.
Аталған Рейд барысында 20 адамға хаттама толтырылып, жолды рұқсатсыз кескен 10 жолаушы ескерту алды.
Әлібек Шынтемір Жақсылық Тілепперген, «Алматы» телеарнасы