Алматыда №59 маршрутқа жаңа автобустар шығарылады

19.04.2022 01:14

Жолда жүрген 9 метрлік автобустардың орнына енді 12 метрлік жаңа автобустар қызмет көрсететін болады

иллюстрированное фото

Қала тұрғындарының сұранысына орай 19 сәуірден бастап №59 маршрутқа 14 жаңа автобус шығарылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған дейін жолда жүрген 9 метрлік автобустардың орнына енді 12 метрлік жаңа автобустар қызмет көрсететін болады. Босаған автобустар танымал әрі жүктемесі жоғары өзге маршруттарға жіберіледі. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін барлығы 300 автобустың жеткізілуі жоспарланған. Олардың барлығы техникалық дайындығына қарай кезең-кезеңмен маршруттарға шығарылатын болады. Қазіргі кезде әкімдік қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға басымдық беріп отыр. Бұл бағытта экологиялық таза көліктерді көбейтіп, халықтың өмірі мен денсаулығы үшін жайлы орта жасалып, автобустардың жүктемесін азайтып, жолаушылар ағымын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр.