|
19.07.2023 | 20:15
2077

Әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

Келесі кезең – Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысындағы айналма жолдарды жөндеу

Әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр Almaty.tv

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді әрі оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. Қазіргі уақытта Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі жолдың оңтүстік жағында жөндеу жұмыстары аяқталды, көлік қозғалысы ашық, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келесі кезең – Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысындағы айналма жолдарды жөндеу.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу қабілетін арттыру үшін 19 шілдеде сағат 23:00-ден 21 шілде сағат 07:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының Назарбаев даңғылымен қиылысындағы айналма жолдарға полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты батыс бағытта (Меңдіқұлов бульварынан Назарбаев даңғылына баратын жолда), Назарбаев даңғылынан Әл-Фараби даңғылына шығыс бағытта бұрылатын жолда, Назарбаев даңғылынан солға Әл-Фараби даңғылына бұрылатын жолда (батыс бағытта) және Әл-Фараби даңғылынан солтүстік бағытта Батыс Желтоқсан көшесіне бұрылатын жолда көлік қозғалысы толық шектеледі.

Жабылған аумақтарды Меңдіқұлов бульвары, Сәтбаев, Батыс Желтоқсан, Жолдасбеков көшелерімен және Сейфуллин даңғылымен айналып өтуге болады.

Назарбаев даңғылымен және Әл-Фарабиден Назарбаев даңғылына шығыс бағытта бұрылатын жолдарда көлік қозғалысы ашық болады.

Патрульдік полицияның 4 экипажы қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу учаскелері туралы өзекті ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасында қолжетімді болады.

Естеріңізге салайық, Алматыдағы магистральдық көшелердің жол төсемін жөндеу жұмыстарына алғаш рет жаңа технологиялар қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер пайдаланылды. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°C), сондықтан ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді – қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.

Бұл жөндеу 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Бұл қала жолдарының бізге ұзағырақ қызмет етуі үшін қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз.

Жөндеу жұмыстары кезінде жолдың жабылуына байланысты 20 шілде күні кейбір маршруттың сызбасына мынадай өзгерістер енгізіледі:

№127 – оңтүстік бағытта – Назарбаев даңғ. - Сәтбаев - Сейфуллин - Әл-Фараби – одан әрі сызба бойынша;

№127 – кері бағытта – Әл-Фараби - Сейфуллин - Сәтбаев- Назарбаев - одан әрі сызба бойынша;

№63 - оңтүстік бағытта -  Назарбаев - Сәтбаев - Сейфуллин - Әл-Фараби - одан әрі сызба бойынша;

№63А – солтүстік бағытта - Әл-Фараби - Сейфуллин - Сәтбаев - Назарбаев - одан әрі сызба бойынша;

№86 - оңтүстік бағытта – Назарбаев - Сәтбаев - Сейфуллин – Әл-Фараби - одан әрі сызба бойынша;

№86 - кері бағытта - Әл-Фараби - Сейфуллин - Сәтбаев - Назарбаев - одан әрі сызба бойынша;

№45 - оңтүстік бағытта - Достық - Жолдасбеков – Жолдасбеков көш. соңғы аялдамасы – кері бағытта қозғалады;

№45 – кері бағытта - Жолдасбеков көш. соңғы аялдамасынан - Жолдасбеков - Назарбаев - Сәтбаев - одан әрі сызба бойынша;

№128 - оңтүстік бағытта -  Достық - Жолдасбеков - Жолдасбеков көш. соңғы аялдамасы - кері бағытта қозғалады;

№128 - кері бағытта -  Жолдасбеков көш. соңғы аялдамасынан - Жолдасбеков – Назарбаев - Сәтбаев - Достық -  одан әрі сызба бойынша.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир