Алматылықтардың қауіпсіздігі үшін тағы 400 «Сергек» камералары іске қосылды

Алматылықтардың қауіпсіздігі үшін тағы 400 «Сергек» камералары іске қосылды
«Сергек» бейнебақылау камераларының мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға «Сергек» орнатылғалы сергелдеңге түскен көлік жүргізушілері үшін бүгін полиция департаментінің өкілдері арнайы баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімшілік полиция басқармасының басшысы айыппұлдан түскен ақша жекенің қалтасына емес, қазына қаржысына қосылады деді. Ал, алдымен Нұр-Сұлтанда қойылған камералардың арқасында бір жыл ішінде адам өлімі бірден екі есеге бірақ азайған.

Алматылықтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында қала бойынша тағы 400 «Сергек» фотовидеобақылау камералары іске қосылды. Бұл жоба мемлекет пен жеке компаниялардың арасындағы байланысты арттыру аясында жүзеге асқан.

Алматыдағы аппараттық-бағдарламалық кешендер мынадай жол-көлік оқиғаларын түсіріп алады, олар:

- жылдамдықты асыру;

- бағдаршамның тыйым салған дыбысын елемеу;

- жолақ талабын бұзу, тоқтау желісінен өту;

- қоғамдық көлікке бөлінген жолаққа шығып кету.

Бұлардан өзге, «Сергек» жүйесі жүргіншілердің реттелмеген өтпелі жолдарын бақылайды.

Жандос Мұраталиев халық арасында кері пікір тудырған, яғни айыппұл жекенің қалтасына түседі деген пікірге жауап берді. Оның айтуынша әкімшілік айыппұлдардың әр тиыны мемлекеттік бюджетке аударылады.

«Әкімшілік айыппұлдардың барлығы мемлекет бюджетіне түседі. Түскен қаражаттың барлығы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына жұмсалуда. Біз жол көлік оқиғалары жиі болатын жерлерге мониторинг жүргізіп «Сергек» кешенін орнату туралы шешім қабылдаймыз. Мұнда азаматтардың ұсыныстары да ескерілді. Қала тұрғындарынан осы күнге дейін 30 мыңнан астам ұсыныс түсті» - деді қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос МҰРАТӘЛИЕВ.

Бұл жоба бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында қолға алынған еді. «Сергек» жобасының басқару бойынша директоры Бибігүл Айтүкенованың сөзінше бір жыл ішінде жол-көлік оқиғалары бойынша адам өлімі екі есеге дейін азайған. «Қазақстанның велоқауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Думан Қапасов «Сергек»  көлік жүргізуішілердің мәдениетін арттыратынын айтса, тәуелсіз сарапшылар да мұндай бақылауды енгізу әлемдік тәжірибеге сай екенін жеткізді.

«Бәріміз үшін пайдалы әрі қарапайым әдіс, ережені бұзбау, бар болғаны сол ғана. Ережені бұзбайтын болсаң ешкімге, полицияға да, мемлекетке де төлемейсің. Өз жолыңмен кете бересің. Өзің де қауіпсізсің, өзгелер де  қауіпсіз. Мұндай камералар көп болса, бәрімізге пайдалы» - деді Қазақстан тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард ЭДОКОВ.

«Сергек» бейне-тіркеу камералары ілінгелі бері жүргізушілер мен жүргіншілердің заңды сақтауға деген сер­гектіктері оянғаны рас. Қалада осындай құрылғылардың көп орнатылуы қауіпсіздікті  арттырады дейді түрғындар.

- Дұрыс қой. Онша көп авария да болмайды. Жолда жүру ережелерін сақтайды ғой көбі.

-  Тәртіп болады қалады. Машиналар тәртіпке бағынып жүретін болады.

- Бәрі жақсы жүреді. Бәрі тәртіпке түседі. Сергек болмаса қағиданы бұзады.

Сергек» жүйесі жолдағы жағдайды компьютерлік көру арқылы талдайды. Қала бойынша осы камераға тәулігіне 100- ден  200-ге дейін заң бұзушылықтар тіркеледі екен.

Қуан Нұрақын, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров