Ұсыныс болса, әйелдер вагоны әр бағытта ашылады – мамандар

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматы – Маңғыстау және Алматы – Өскемен бағыты бойынша әйелде вагоны іске қосылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы – Маңғыстау және Алматы – Өскемен бағыты бойынша нәзік жандыларға арналған вагон жұмысы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Ұлттық тасымалдаушы компания өкілдері бұл шараны басты кезекте қауіпсіздік үшін қолға алғанын айтты. Бірінші күннің өзінде-ақ қызмет жақсы сұранысқа ие болып, 92 билет сатылған. Құны әдеттегі тариф бағасынан еш ерекшеленбейді.

Рәсімдеу кезінде «Ә» белгісінің болуы вагон тек әйел жолаушыларға арналғанын білдіреді. Тек жеті жасқа дейінгі ұл балаларға анасымен бірге жүруге ғана рұқсат.

Еске сала кетсек, 2018 жылы 26 қыркүйекте жолаушы зорланғаннан кейін әйелдер вагондары мен купелері енгізілетіні туралы айтылған болатын. Егер осы қарқынмен сұраныс саны толастамай тұрса, басқа да бағыттарға вагондар қарастырылмақ.  

«Алматы – Шымкент, Алматы – Ақтөбе бағыттарына сұраныс болып жатса, ашылады. Айта кететін жағдай, әйелдерге арналған вагон көпшіліктің сауалнамасы арқасында жүзеге асырылып жатқан жоба. Сондықтан басқа да ұсыныстар түсіп жатса, әрине, бағыттар қарастырылатын болады», – деді Жолаушылар тасымалдау акционерлік қоғамының сату және клиенттермен жұмыс істеу департаментінің бас менеджері Ғазиза Қасымов.

Новости партнеров