10-15 маусым аралығында сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін
Алматыда жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 10-15 маусым аралығында сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін Сүйінбай-Рысқұлов даңғылынан Баянауыл көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық Мобильділік басқармасына сілтеме жасап.
«Құрметті алматылықтар! Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 10-15 маусым аралығында сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін Сүйінбай даңғылының Рысқұлов даңғылынан Баянауыл көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.