Биыл Алматыда жаңбырдан кейін су астында қалатын көшелер жөнделеді
Almaty.tv
376 шақырым арықты жөндеу үшін сметалық жоба жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жаңбырдан кейін су астында қалатын 102 көшенің 70-тен астамы жыл соңына дейін жөнделеді. Бұл туралы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қаладағы су өткізетін 16 коллектордың он екісіне тазалау жоспарланып отыр. Сондай-ақ жекелеген учаскелерде арық желілерін кеңейту көзделген.
«376 шақырым арықты жөндеу үшін сметалық жоба жасалған. Қалған жұмыс Алматының батыс аймағында басталды. Қазір орталық, шығыс аймақтарын бастаймыз. Ол жерде қалған учаскелердін бәрін тазалап, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз», – деді Стратегиялық даму және су ресурстарын басқару бөлімінің басшысы Мұрат Жексембаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10