26 наурыздан бастап Алматыда қоғамдық көлік кешкі 19:00 дейін жүретін болды

26.03.2020 01:58

Сарапшылар жүргізген талдауға сәйкес, қоғамдық көліктегі жолаушылар ағыны 70%-ға төмендеген

Фото : Бекзат Абдыгаметов/Facebook

26 наурыздан бастап Алматыда қоғамдық көлік кешкі 19:00 дейін жүретін болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Сарапшылар жүргізген талдауға сәйкес, қоғамдық көліктегі жолаушылар ағыны 70%-ға төмендеген. Осыған байланысты төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық автобус маршруттары мен метроның жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен, қаладағы қоғамдық көлік сағат 06:00 мен 19:00 арасында жұмыс істейді. Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жұмыс істеуін жалғастырған болатын. Қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылды.

Толық көрсету