Бір ай үзілістен кейін Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында алғашқы ұшақ жолаушы тасымалдады

02.05.2020 02:34

Ұшуға бет алғандарға нені ескеру керек?

Бір ай үзілістен кейін қайта іске қосылған Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында алғашқы ұшақ жолаушы тасымалдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Елде төтенше жағдай аяқталмай жұмысқа кіріскен әуежайда ұшудың тәртібі мен талабы айтарлықтай өзгерген. Әуелі жолаушылар коронавирусқа байланысты тапсырған тесттің теріс нәтижесінсіз рейске жіберілмейді. Оның үстіне, жылдам тапсыратын түрі жарамайды. Ал, ұшуға бет алғандарға нені ескеру керек? Әуежайда өзгерген қандай нәрсе бар?

Алматыға Нұр-Сұлтан қаласынан ұшақ келіп қонды. Енді бір ай үзілістен кейін әуежай жұмысын қайта бастайды. Есте болса, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы халықаралық әуежайлары 30  наурыздан бері жолаушылар үшін жабық болған еді. Қазір алып шаһардағы әуежайда жағдай қалыпты. Кейін мегаполистер арасында тәулігіне төрт рейс қатынайтын болады.

Әуежайда еліміздің бас санитар дәрігері берген нұсқаулары толығымен орындалды. Рейс ашылмастан бұрын әуежай әкімшілігі дайындық жүргізгенін айтады. Онда 1 жарым метрлік ара қашықтық сақтау үшін жерге белгілер жапсырылған. Барлық адамның қолы тиетін жерлерге санитайзерлер орнатылыпты. Ал әуежай ұжымы медициналық маска мен бетпердені шешпей жұмыс істейді.

«Әуежайда күту залындағы орындықтардың арасын да бөліп қойдық. Арақашықтықты сақтау маңызды. Әуежай қызметкерлері де арнайы дайындықтан өтті. Жұмысқа кіріспес үшін коронавирусқа тест тапсырды. Жолаушылармен жұмыс істейтіндіктен бұл маңызды деп ойлаймын», – деді  «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ баспасөз хатшысы Наталья СОКОЛОВА.

«Бұл – біздің Қазақстан үшін және авиация саласын дамыту үшін қажет қадам болды. Бүгін таңертең алғашқы рейсті жібердік. Олар екі қала Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қатынайтын болады. Жалпы осы бағытта 3-4 рейстен аттандыруды көздейміз. Барлық рейстер жаңа санитарлық талаптарға сай жасалады. Осы талаптарды бұлжытпай орындаймыз деген соң ашылдық. Сондықтан ұшақтың бортына дейін ережеге сай жасалды», – деді  «Аir Аstana» ҰӘК президенті Питер ФОСТЕР.

Ал ұшып келгендердің көңіл-күйі жақсы. Олардың сөзінше, бастысы сақтық шараларын сақтаса болғаны. Айтылған талаптарды бұлжытпай орындау керек дейді олар.

БЛИЦ:

1. Нет, не боюсь, от чего бояться?  Жизнь продолжается! Мы должны дальше жить.

2. Да, нет конечно. Надо вылетать! Делать свои дела. Вот масочка, перчаточки! Самое главное наверное.

Елімізде төтенше жағдайлар режимі 11мамырға дейін сақталады. Мамандар коронавирустың эпидемиясы әлі аяқталмады деді. Сондықта медициналық бетперде тағып, антисептиктерді қолдануды ұмытпаған жөн.

Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» арнасы