|
08.06.2021 | 20:01
5820

9 маусымда Алматыдағы Құрманғазы көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары

9 маусымда Алматыдағы Құрманғазы көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі 365info.kz

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 9 маусымда сағ. 08:00-ден 19:00-ге дейін Құрманғазы көшесінен Байтұрсынов, Масаншы көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толық шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы қаласы Мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

«Троллейбустар Байтұрсынов көшесінен Құрманғазы көшесіне бұрылады.

№9 маршрут сызбасын уақытша төмендегідей өзгерістер енгізіледі: Байтұрсынов (солтүстік) - Сәтбаев (шығыс) - Сейфуллин (солтүстік) - Қабанбай батыр (шығыс), одан әрі маршрут бойынша. Кері бағытта

Қабанбай батыр (батыс) - Наурызбай батыр (оңтүстік) - Абай (батыс) - Байтұрсынов (оңтүстік), одан әрі маршрут бойынша.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир