Рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан астам автокөлік жолаушылар тасымалынан алынып тасталды

Depositphotos.com
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін күшейту және жолдарда тәртіп орнату жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі UKIMET-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, тапсырыс беру сервисінен рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан астам автокөлік алынып тасталды, өйткені оларды жолаушыларды тасымалдау үшін пайдалануға заңмен тыйым салынған. Бұл туралы Үкімет отырысында жолаушы тасымал компаниясының бас директоры Арай Бекембаев мәлімдеді.

Одан бөлек жолдағы жүргізушілердің мінез-құлқын бақылап отыру үшін олардың жеке басын және автокөлігін анықтау мақсатында фотобақылау белсенді қолданылуда, сондай-ақ 2ГИС интеграциясы арқылы жылдамдық пен шаршауды бақылау жүйесі енгізілген. Наурыз айынан бері Safety Hub қауіпсіздік орталығы жұмыс істеп тұр, оның операторлары жүргізушілерге жылдамдықты жоғарылатқан немесе ұзақ уақыт жүргізген кезінде қоңырау шалады. Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде жылдамдықты арттыру үлесі 42%-ға төмендеді.