|
08.06.2022 | 10:04
663

Өзбекстан туристерден ПТР-тестті алып тастады

Арнайы комиссияның шешімі 2022 жылғы 10 маусымнан бастап күшіне енеді

Өзбекстан туристерден ПТР-тестті алып тастады photo: Pixabay

Өзбекстанға келген туристер үшін коронавирус пандемиясымен байланысты барлық шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kaz.tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы комиссияның шешімі 2022 жылғы 10 маусымнан бастап күшіне енеді.

Шетелдік туристерден бұдан былай коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесін, антигендерге жедел тест және вакцинация туралы сертификат/төлқұжат талап етпейді. Бұл әуе жолымен, шекара маңындағы теміржол станциясымен және шекаралық өткізу пунктімен келетін саяхатшыларға қатысты қолданылады.

Комиссия Өзбекстанда коронавирустың таралу динамикасын, ауруханаға жатқызылған және шығарылған науқастың санын, карантиндегі азаматтар санының оң өзгеруін, сондай-ақ республикадағы эпидемиологиялық жағдайды, ДДСҰ мен тиісті ведомствоның ұсыныстарын ескерген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир