Бурабай мен Зеренді қашанға дейін жабылады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Ведомство хабарламасында облыстың туристік аймақтары 24 шілде 00:00-ден бастап 3 тамыз 00:00-ге дейін жабық болатыныны айтылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысы туризм басқармасы 24 шілдеден бастап Бурабай мен Зеренді жабылатынын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ведомство хабарламасында облыстың туристік аймақтары 24 шілде 00:00-ден бастап 3 тамыз 00:00-ге дейін жабық болатыныны айтылған. Бұған карантин шараларының күшейтілуі мен демалушылардың азаматтық жауапкершілігінің төмен болуы себеп.

«Куруорттық аймақтарға кіреберісте блок бекеттер орнатылады, сондай-ақ, көлік қозғалысы шектеледі», –  деді басқармада.

Бұған дейін келген турситер қонақүйлер мен шипажай-курорттық нысандарда қалады. Демалыстағы адамдар бетперде тағып, қашықтықты сақтауы тиіс екені айтылған.

Қонақүйлерге бөлмелерді брондауға өтініш қабылдамау тапсырылды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде қызметін жалғастырады.

Жалға берілетін жағажайлар, сауна, қонақүй бассейні жабылады. Жағалаудағы сауда орындары мен қайық стансаларының жұмысы тоқтатылады.

Новости партнеров