Алматыда жаңа кемпинг-аймағы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Туристерді тартудың жаңа нүктесі Ғарыш станциясына барар жолда теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан (2GIS сілтемесі) белгілі шыңдарға жақын: «Жартасты» шыңы (3332 м), «Крошка» шыңы (3722 м), «Советов» шыңы (4317 м), «Озерный» шыңы (4126 м).
Кемпинг-аймағы – таудағы демалыс, трекинг, хайкинг және шатырмен ұзақ серуендеу әуесқойлары үшін жабдықталған алаң. Туристердің жайлы және қауіпсіз демалысы үшін шатырлы орындар, жайлы беседкалар, орындықтары бар үстелдер және ұлттық стильдегі «Алтыбақан» әткеншектері орнатылды.
«Біз тау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудара отырып, туристер үшін жаңа бағыттар құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бағыттар бойы ақпараттық стендтер, көрсеткіштер, қалқандар орнатылды. Навигациялық стендтерде QR-кодтар бар, онда туристер бағыттың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және өту уақытымен таныса алады. Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова кемпинг-аймақтар туралы ақпарат 2GIS қоса алғанда, картографиялық платформаларға қосылды», – деп атап көрсетті.
Жаңа кемпинг-аймақ соңғы жылдары Алматы қаласы Туризм басқармасы ашқан оныншы орын болды. Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда туристік инфрақұрылымды дамыту аясында «Ақбұлақ» және «Мыңжылқы» кемпинг-аймақтары құрылды.
Алматы қаласының Туризм басқармасы демалушылардан табиғатқа ұқыпты қарауды, тауда қоқыс қалдырмауды сұрайды, сондай-ақ тау жорықтары кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске салады:
● Тауларға бара жатқанда, өз бағыттарыңыз бойынша жақындарыңызға хабарлау қажет;
● Ауа райына сай киініп, теріңізді күн сәулесінен қорғаңыз. Өзіңізбен бірге қажетті құрал-жабдықтар, бас киім, су, тамақтану және портативті зарядтағышпен зарядталған телефон алыңыз;
● Жолдан шықпаңыз;
● Құтқару қызметінің SMS ескертулерін есіңізден шығармаңыз.