Елімізде шетелдік туристердің жарна төлеу тәртібі енгізілмек

goTUR.kz
goTUR.kz
Алымдар «Kazakh Tourism» ҰК АҚ жанынан ашылған бюджеттен тыс шотқа түседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан шетелдік азаматтардан бір түнге 2-4 доллар мөлшерінде «Bed Tax» ұқсас туристік жарна алу тәжірибесін енгізбек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Грузияның, Чехияның, БАӘ-ның тәжірибесі бойынша елдердің келу туризмін дамыту үшін негізгі нарықтарда жылжыту сапасын арттыруды ұсынамыз. Бюджеттік жүктемені төмендету үшін көрсетілген шамада тек шетелдік азаматтардан бір түнге 2-4 доллар мөлшерінде «Bed Tax» ұқсас туристік жарна тәжірибесі енгізілетін болады. Шара мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәттен бастап бүкіл Қазақстан бойынша әрекет ететін болады», - деді «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасын таныстырған Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, алымдар «Kazakh Tourism» ҰК АҚ жанынан ашылған бюджеттен тыс шотқа түседі. Бұл кейіннен компанияның өзін-өзі ақтап шығуына және елдің туризм саласын ілгерлетуге, бюджеттік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

«Шара сондай-ақ, «Kazakh Tourism» маркетингтік жұмысының тиімділігін ынталандырады. Шетелдік туристер ағынының ұлғаюынан көбірек алымдар алатын болады. Бірінші кезеңдерде шарадан түскен қаржылық түсімдер кейіннен ұлғайып, жылына 1,5 млрд теңгені құрайды», - деді министр.


Новости партнеров