|
08.05.2019 | 12:50
5552

ҚР Президенті Алакөл аймағын дамыту бойынша кешенді шараларды қолға алуды тапсырды

Это касается качества дорог в том числе

ҚР Президенті Алакөл аймағын дамыту бойынша кешенді шараларды қолға алуды тапсырды Фото пресс-службы акима ВКО

Шығыс Қазақстан облысындағы жолдардың жағдайы тікелей Мемлекет басшысының бақылауында болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына сапары барысында жергілікті автожолдардың сапасының сын көтермейтінін және Алакөлдегі туристік сервисті жақсарту туралы айтқан еді. Осыған орай, Үкіметке және екі өңірдің әкімдеріне қысқа мерзімде кешенді шаралар ұйымдастыруға тапсырма берген болатын. Құзырлы мекемелер Президенттің осы сындарынан қорытынды шығарады деп ойлаймыз. Бұл Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», - деп жазды Берік Уәли.

«Өткен жылы қазақстандықтар өзіміздің Алакөлде демалуды жөн көрген еді. Алайда олар сервистік қызмет көрсету саласында айтарлықтай проблемалар бар екендігін көрді. Нақтырақ айтқанда мұнда қыдырып келушілердің жергілікті жолдардың сапасына көңілі толмады. Осы ретте Алматы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдерінің басты міндеттері жолды жөндеу және онымен байланысты салалардың жұмысын ретке келтіру болып табылады», - деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы облыстың туристердің ең көп қатынайтын жерлерінің біріне айналғандығын атап өтті.

Бұл ретте ҚР Президенті өзінің шипалы суымен танымал Алакөл көлінің орны ерекше екендігін атап өтті.

«Тек өткен жылдың өзінде ғана өңірге келуші туристер саны 20 пайызға артып, 2 млн адамды құрады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Алайда мұнда көлік, тіпті қонақ үй инфрақұрылымы да айтарлықтай жетілдіруді қажет етеді. Әсіресе туристер жүретін жолдардың жағдайына ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл мәселелерді мен Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапарымда да айттым. Осы орайда мен Үкіметке әкімдікпен бірлесе отырып, курорт аймағының инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді шараларды қолға алуды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Алаколь
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир