|
27.01.2023 | 12:57
456

Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді – Асхат Оралов

ДЭФ Саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексі екі жылда бір рет жарияланады

Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді – Асхат Оралов baigenews.kz

Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егер 2019 жылы Қазақстан 80-ші орында тұрса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел көрсеткіші жақсарып, 66-шы орынға жайғасты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында айтты.

«Жекелеген субиндекстер бойынша Қазақстан жалпы рейтингте жоғары әлеуетке ие. Мысалы, баға бәсекеге қабілеттілігі бойынша еліміз 1-орынды, Халықаралық келу маусымдылығы бойынша – 26, мәдени көрікті жерлерге қызығушылық бойынша – 37 орында», – деп толықтырды Асхат Оралов.

ДЭФ Саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексі екі жылда бір рет жарияланады. Индекс елдерді 100-ден астам жеке бейіндік көрсеткіштер бойынша бағалайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир