|
29.10.2019 | 21:45
7042

Қасым-Жомарт Тоқаев Көкжайлау курортына қатысты әңгімеге нүкте қойды

Мемлекет басшысы барлық кәсіби экологтар мен білікті қоғам өкілдері жобаға қарсы екенін атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Көкжайлау курортына қатысты әңгімеге нүкте қойды

Көкжайлау салынбайды. Алматыға арнайы іс-сапармен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптен бері дау болған Көкжайлау курортына қатысты әңгімеге соңғы нүкте қойды. Мемлекет басшысы қайтадан осы мәселеге оралмау үшін мен бүгін бұл жобамен айналысуға тыйым саламын деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматының өзге өңірге үлгі болатынын алға тартқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан  екі сағаттық кеңесте көтерілмеген мәселе қалмады. Әуелі, шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев соңғы 9 айда атқарылған жұмыстың  шаш етектен екенін алға тартып, нақты оң нәтижелерді жіпке тізді. Бірінші  жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім өсімі 4,1 пайызды құрады. Өнеркәсіп 5,9%-ға артып, инвестиция - 5,5%-ға, құрылыс - 3,1%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру - 2,8%-ға өскен. Жұмыссыздық деңгейі болса-5,1%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ, салықтық түсімнің өткен жылға қарағанда 12,4%-ға көп жиналғаны да айтылды. Одан бөлек Бақытжан Сағынтаев қаладағы әлеуметтік түйіткілдердің  де шешілу жағын сөз етті.

«Ағымдағы жылы 900 балаға шақталған екі мектеп пен 3 бала-бақша пайдалануға берілді. Келесі жылы 5 бала-бақша мен 3 мектеп бой көтермек. Сондай-ақ, қоғамдық көлік мәселесін тездетіп шешуге кірістік. Инвесторлардың есебінен қалаға 202 автобус сатып алынды. Ал жергілікті әкімдік тарапынан газбен жүретін 230 жаңа автобусты әкелу қарқыны басталып кетті. Жыл соңына дейін толықтай тұрғындарға қызмет етеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, ауыз су мәселесі де басты назарымызда. 3 жылдың ішінде 100 пайыз толықтай қамтитын боламыз. Қазір 23 шеткі шағын аудан орталық су жүйесіне қосылмаған. Оның 11-інде жұмыстар жүргізіле бастады», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Әрбір әлеуметтік жобаға  жұмасалатын қыруар қаржының игерілуін Алматы зор жауапкершілікпен атқарып жатқанын қаржы министрі Әлихан Смайлов тілге тиек етті. Айтуынша, ел қазынансына алып шаһардан биыл 115 миллиард теңге алу көзделген болса, республикалық бюджеттен қала мен ондағы тұрғындардың қажетіне 128 миллиард теңге аударылған. Атап өтерлігі атаулы әлеуметтік көмекке ілінген мұқтаж отбасылар үшін-6 миллиард теңге қарастырылған. Ал ұстаздар мен құзырлы орган, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін 17 миллиард теңгеден астам ақша жұмсалыпты. Әлихан Смайловтың сөзінше, келесі жылы мегаполиске аударылатын қаражат көлемі-100 миллиард теңгеге артпақ. Ал әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жастардың тұрғын үйге қол жеткізуі үшін 8 миллиард қаржы жұмсалған. Кіріс пен шығысы, алыс мен берісі көп қаланың даму қарқыны адымды екенін нарықтың өзі көрсетіп тұр деді еліміздің премьер-министрінің бірінші орынбасары.

«Бүгінгі таңда Алматы қаласы – даму қарқыны бойынша алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі. Қала жалпы өнімнің 5/1 бөлігін қамтиды. Сервистік экономикасы дамыған, шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды. Негізігі капиталға салынған инвестиция өсуде. Қала әкімдігі 3,5 триллион теңгеге 115 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр», - деді ҚР Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Алматы – іскерлердің қаласы. Кәсіпкерлердің қарқыны артпаса, бәсеңдемегенін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов алға тартты. Қайта өңдеу өнеркәсібі 546 миллиард теңгенің өнімін шығарып, бір жылда 7 пайызға өңдеу қуатын арттырған. Ал арнайы экономикалық аймаққа 31 миллиард теңге тартылып, 167 компания сәтті жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, индустриалды аймақта биыл тағы 5 кәсіпорын ашылып, жоба саны 85-ке жеткен. Кезекте 15 компанияның ашылуы көзделіп отыр. Тек,соңғы бес жылда іске қосылған кәсіпорыннан   5 жарым мыңнан астам азамат осы өнідіріс ошағынан жұмыс тапқанын аңғаруға болады. Бизнесмендердің бастамасынан бөлек, бұқараның игілі үшін жасалынатын инфрақұрылымдық жобалар басты назарда екенін алға тартты министр Атамқұлов.  

«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында үлкен Алматы айналма жолы жүргізілуде. Метро стансасының да құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ халықаралық авиациялық хабтың дамуы көзделіп отыр. Көше жолдарының желісінің сапасы 75 пайызға қанағаттандырарлық. Бұл 3023 шақырымды құрайтын 2700 көше. Биыл қайта жөндеу мен салуға 24 миллиард теңге қаржы тартылған. Рысқұлов пен Құлжа тас жолындағы айналма жол дың құрылысын биылдан қалдырмай аяқтау жоспарланып отыр», - деді  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ.

Қалалықтардың әрбір өтініші ескерусіз қалдырылмайды. Мұны Президенттің көмекшісі Аида Балаева да алға тартты. Республика бойынша Президент әкімшілігіне түскен шағымның әрбір 5-шісі, яғни 4 мыңға жуығы алматылықтардың тарапынан түседі екен. Көптің көңілі толмайтын мәселелердің басым бөлігі-жер дауына және кәсіпкерлердің  құшақ-құшақ құжат тасып, соңында сот шешімімен келіспеуі көп дейді.  Сондай-ақ, экология проблемасын ысырып қоюға келмейтінін кесіп айтты. Ауа мен арық-атыздардың ластануы, көліктерден шығатын зиянды қалдықтарды жоюды қолға алу керектігі сөз етілді. Одан кейін емханадағы ұзын сонар кезек пен ондағы техникалық жабдықтың жетіпсеушілігі айтылды. Тағы да тілге тиек ертелігі, қалада қаптаған жарнаманың сөздерінде өріп жүрген қателіктердің де жоқ емес екенін алға тартты. Қысқасы, қазақ тілін қорлатып қарап отырған жарамас деді.

«Алматы облысынан қалаға қосылған елдімекендердің құжаттық мәселесі әлі назар аударуды қажет етеді. Азаматтар үйлерін қайта рәсімдеуде қиындықтарға кездесіп жатқан жағдайлар бар. Осы ретте, жұмысты барынша жеделтеуді ұсынамын», - деді ҚР Президентінің көмекшісі Аида БАЛАЕВА.

Жыл басынан бері ана мен бала өлімінің артқанын алға тартқан мемлекет басшысы, медициналық мекемелердің техникалық жабдықталуы 62 пайыздан әрі аспайтынын алға тартып, көңіл көншітпейді дейді. Дертіне дауа іздеп ауруханадан толықтай тексерістен өте алмайтындардың жауабын Президент Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың ортаға шығып түсіндіріп беруін сұрады.  Білгеніміздей, тозығы жеткен техниканы түгелімен қайта жабдықтау үшін 3 жылдық жоспар құрылған. 60 миилиард теңге қаржы құю көзделген бұл бастама ретімен жүзеге асатындығын алға тартты. Оған қоса, қалаға қосылған елді-мекендердің жағдайдың теңестірілетінін тілге тиек етті.

«Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Сондықтан, экономиканың және де басқа да басқару жүйесінің тимділігін арттыруға ерекше назар аударуымыз қажет. Мен үшін әкімдердің жұмысындағы негізгі көрсеткіш – инвестиция тарту және жаға жұмыс орнын ашу. Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнестің өркендеуіне жағдай жасау, экологияны қорғау аса маңызды міндеттер. Бұл мәселелерді өзімнің сайлауалды бағдарламамда айтқанымды жақсы білесіздер. Осы орайда, Алматының зор әлеуетін және мән-маңызын атап өту қажет. Қалада басқа өңірлерге үлгі болатындай көп жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен, қаланы әрі қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту күн тәртібінен түспейтін міндет», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Бас қосуда бұдан бөлек, қаладағы кәсіпкерлікті дамыту қарқыны да сөз етілді. Жыл соңына дейін Алатау ауданындағы индустриалды аймақта тағы 7 кәсіпорын іске қосылып, 1 жарым мың жұмыс орны ашылмақ. Оған қоса, жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 554 шағын және орта кәсіпкерлікке 3,7 миллиард теңге көлемінде субсидия берілді. Нәтижесінде іскерлер кәсібінің 8 пайызға артқаны бар. Өз кезегінде Алматының республикадағы негізгі экономикалық драйвер екенін атап өткен мемлекет басшы қаланың дамуын бәсеңдетіп алмауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін алға тартты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир