32 беттік басылым 3 айда бір рет шығады
Қазақстанның табиғаты мен жан-жануарлар әлемі үш тілде жарық көретін басылымда жарияланады. Отандық редакторлар басып шығаратын Qazaq geography журналы елдегі экология жайын 7 салада сараптамақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
10 мың тиражбен таралатын 32 беттік басылым 3 айда бір рет шығады. Ең маңыздысы – журналдың халықаралық деңгейге шығуы. Өйткені Қазақстан табиғатына қызығатын туристер көп.
«Жануарлар, адамдар, табиғат деген сияқты бағытты қамтиды. Журналдың ерекшелігі QR-ды басқаннан кейін мақала кез келген тілде қолжетімді», – деді редактор Айнұр Ысқақова.