|
31.08.2022 | 14:19
2099

Қазақ туризм: Елімізде «Е-шағым» электрондық сервисі іске қосылды

«Е шағым» қосымшасының ең көп қолданушылары Алматы қаласының тұрғындары

Қазақ туризм: Елімізде «Е-шағым» электрондық сервисі іске қосылды gov.kz

Елімізде «Е-шағым» электрондық сервисі іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақ туризм» ұлттық компаниясы қолға алған бастама арқылы азаматтар отандық туризмге қатысты талап-тілектерін жеткізе алады. Қызмет көрсету сапасын бағалап, арыз шағымдарын қалдырады.

«Е шағым» қосымшасы - бұл кері байланысқа арналған алаң. Электрондық қызметте сіз көңіліңіз толмайтын тұсты көрсетіп қана қоймай, нақты мекен-жайды белгілей аласыз. Фото, видео жүктеу мүмкіндігі де қарастырылған. «Хабарлама қосымшаға енгеннен кейін ары қарай шешу жолы қарастырылады.

«Соңғы аптада 15 шағым түсті. Бұл біз үшін өте ыңғайлы. Көрсетілген шағымдар бойынша дереу олқылықты жойып, қателіктерді ретке келтіруге тырысамыз. Тиімді тұсы нақты қай жерде, не проблема екені жазылады. Қосымшаның артықшылығы да сол», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» Ақ төрағасы Талғат Аманбаев.

«Қазақ туризм» ақпарынша, биыл Қазақстанда демалушылар саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Ала жаздай елдің қиыр шығыс, оңтүстік батысын аралаған саяхатшылар көбейіпті. Арасында алыс-жақын шетелден келгендер де бар екен. Компания өкілдерінің айтуынша, бір қынжылтатыны демалушылардың артынан шашылып қалдық қалады. Олқылықты ретке келтіру үшін арнайы марафондар ұйымдастыруды қолға алыпты.

«Көпшілікті табиғатты аялауға, таза ұстауға шақырамын. Біздің көздеген мақсатымыз да осы. Демалуды білеміз, ал артынан қалған қоқыс-қалдықтарды жинамаймыз. Осы жағы бізде кенжелеп тұр. Тазалық сақтауға барлығы атсалысса деген ниетіміз бар», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» Ақ төрағасы Талғат Аманбаев.

«Е шағым» қосымшасының ең көп қолданушылары Алматы қаласында. Әзірге бұл қызмет туралы көбі біле бермейді. «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының өкілдері демалушыларға қосымшаны пайдаланып, өз үлесін қосуға шақырады.

Кәмшат Мұхамеджан, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы, Нұр-Сұлтаннан

Толық бейнематериалды сілтемеге өтіп, көре аласыздар


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир