Ұшақтың жүк бөлімінде электрон темекі мен вейп тасымалдауға рұқсат жоқ

Ашақ дерек көзінен
Ашақ дерек көзінен
Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттар тізімі жаңарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген) Азаматтық әуе кемелерінде тасымалдау қағидаларындағы маңызды өзгеріс туралы хабарлайды.

Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында әуе кемелерінің бортында электрондық құрылғы мен электрондық темекі тасымалдау талабына өзгеріс енгізілді.

Мысалы, жаңа талап бойынша жүк шабаданында литий немесе литий-ионды элементтері, сондай-ақ қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды (планшеттер, сағаттар, калькуляторлар, камералар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.) тасымалдауға тыйым салынады.

Сонымен қатар багажда электрон темекі мен вейп тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Осыған байланысты жолаушылардан көрсетілген заттарды қол жүгінде тасымалдауын сұраймыз:

ноутбук;

ұялы телефондар;

камералар;

планшеттер;

электрон темекі;

литий-ионды батареялары бар барлық электрон құрылғы;

қосалқы батареялар мен қуат банктері.

Оқи отырыңыз:Алматы полициясы ұрланған көліктерді жер асты тұрағынан іздеп жатыр

Новости партнеров