Дубайға саяхаттағысы келетін қазақстандықтардың коронавирустық диагнозға қатысты теріс сертификаты болуы және әуежайға келгеннен кейін мұрын жағындысын тапсыруы тиіс, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған сақтық шаралары 29 елдің туристері үшін міндетті ереже болып саналады және 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Осыған орай, туристер екі рет тестілеуден өтуі қажет: біреуі – қонғанға дейін, екіншісі – келгеннен кейін. Бұл сақтық шаралары коронавирус індетіне шалдыққандарға тікелей қатысы бар.
Қазақстаннан басқа, шетелдік азаматтар осы қосарланған тестілеуден өтуге тиіс. Сол елдердің тізімінде: Ауғанстан, Армения, Бразилия, Бангладеш, Джибути, Египет, Эритрея, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Ливан Республикасы, Черногория, Нигерия, Пәкістан, Филиппин, Ресей, Сербия, Сомали, ОАР, Шри-Ланка, Судан, Тәжікстан, Танзания, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ бар.
Бұған дейін хабарланғандай, Дубай тұрғындары 23 маусымнан бастап, шетелге саяхаттауға рұқсат етілген. Ал шетелдік туристер тек 7 шілдеден бастап Дубайға бара алады.