Сағынтаев Үлкен Алматы көліне апаратын жолдың жағдайын тексерді

21.10.2019 17:42

Үлкен Алматы көліне экоавтобустар жүруі мүмкін

Енді тұрғындар Үлкен Алматы өзеніне дейін жеке көлікпен ғана емес, ыңғайлы экологиялық автобустармен де жете алады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің инстаграмм парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Мұндай шаралардың қолға алынуы – өзендегі экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалықты азайтуға бағытталған. Ал мұндағы жол сапасын Бақытжан Сағынтаевтың өзі жеке келіп қадағалады. «Экологияға зардабын тигізбей, көрікті аймақтардың біріне қатынауды ыңғайлы әрі қауіпсіз ету - жергілікті әкімдіктің мақсаты» ,- деп жазды әкім өз парақшасында.