|
01.06.2022 | 16:16
1014

Туристік нысандардағы дәретхана мәселесін әкімдер шешуі тиіс – Дәурен Абаев

Әлихан Смайылов қазіргі бағдарламаларды сынады

Туристік нысандардағы дәретхана мәселесін әкімдер шешуі тиіс – Дәурен Абаев Ашық дереккөз

Қоғамдық дәретхана күйіне әкімдіктер назар аударуы қажет. Бұл мәселені Үкімет отырысында көтерген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев түйткілдің түйінін жеке бизнесті тарту арқылы шешуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бізде шартты түрде Қайыңды – туристер көп келетін тамаша жер. Бірақ дәретханалары жұмыс істемейді. Өте қымбат. Оларды су құбырына қосу қиын», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Өз кезегінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазіргі бағдарламалар туризм саласының нақты сұранысын қанағаттандырмайтынын атап өтті.

«Өңір әкімдіктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, туристік нысандарды инженерлік инфрақұрылыммен уақтылы қамтамасыз ету шараларын қабылдасын. Ең бастысы, туристерге қызмет көрсету сапасына назар аудару керек. Жаңағы биодәретхана мәселесі де шешілуі керек», – деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир