Б. Сағынтаев: Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тауда құтқару орындарын ашамыз

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматының тау кластерін дамыту аясында мың шақырымнан астам тау бағыттары цифрландырылды, оның ішінде жалпы ұзындығы 500 шақырым болатын 36 бағыт абаттандырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тау туризмінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау-құтқару пункттерінің ашылатынын және тау соқпақтарын абаттандыру жұмыстарының жалғасатынын  хабарлады.

«Өзінің таңғажайып табиғатымен мәшһүр Іле Алатауының таулары алматылықтар мен қала қонақтары үшін көрікті әрі тартымды мекеннің бірі. Бұл ретте тауда қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Біз өз кезегімізде осындай жорықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстарды қолға алдық», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, Алматының тау кластерін дамыту аясында мың шақырымнан астам тау бағыттары цифрландырылды, оның ішінде жалпы ұзындығы 500 шақырым болатын 36 бағыт  абаттандырылды.

«Қазірдің өзінде мың шақырымнан астам тау маршруттарын цифрладық, оның жалпы ұзындығы 500 км болатын 36-сы абаттандырылды. Маршруттардың схемасы мен оның күрделілігі көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылды. 2021 жылы 120 шақырымға жететін тау жолы абаттандырылмақ. Кіші және Үлкен Алматы шатқалында екі бақылау-құтқару пунктінің құрылысы қарастырылған. 16 тау құтқарушысы тәулік бойы кезекшілік етеді», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Мегаполис әкімі шалғай орналасқан 14 тораптық учаскелерде туристердің  күрделі ауа райы жағдайларын күте алатын арнайы қорғану орындарының   ұйымдастырылатынын  айтты.

«Шалғайда орналасқан 14 тораптық учаскеде күрделі ауа райы жағдайларын күтуге болатын жасырыну орындарын ұйымдастырамыз. «Тұйық су» шатқалында тікұшақ алаңын құру жоспарда бар. Түрлі нүктелерде дабыл түймелері бар 10 радиорелелік діңгектерді орнату және «Tau Go» смарт-навигатор қосымшасын әзірлеу көзделген», – деп атап өтті қала әкімі Б. Сағынтаев.

«Шымбұлақ» ТК визин- орталықтарының базасындағы және «Медеудің» базалық стансасындағы тау беткейлерінде сақтық ережелерін күшейту үшін тауға шығар алдындатұрақты түрде  нұсқаулықтар өткізіледі, экскурсия жүргізетін кәсіби гидтармен бірге саяхаттар ұйымдастырылады.


Новости партнеров