|
01.10.2023 | 18:12
1390

Қазақстандықтар үшін шетелде демалу бағасы қанша

Түркияға саяхат жолдамасының бағасы 11,5 пайызға өскен

Қазақстандықтар үшін шетелде демалу бағасы қанша Сурет: Владимир Третьяков

2023 жылдың тамызында Түркияға саяхат жолдамасының бағасы 10 пайызға өскен. Былтыр да саяхат бағасы күрт көтерілген болатын, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Шетелде демалу үшін турист әуелі саяхаттау билетінің құнын, содан соң өзінің табыс мөлшерін ескеруі керек. Дегенмен DATA HUB Telegram-арнасының мәліметінше, танымал туристік жерлерде демалу бағасы да көтеріліп жатыр. Шетелде демалу құны екі жылдан бері өсіп келеді. Дереккөз ақпаратынша, шетелдегі екі танымал демалыс орнында баға көрсеткіші айтарлықтай өскен: 2022 жылғы тамыз айындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда Түркияға саяхат жолдамасының бағасы 11,5 пайызға жоғарылаған; Дубайға соңғы 12 айда баға өсімі 27,6 пайызды құраған.

- Алайда Түркиядағы демалыс құны алдыңғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда онсыз да жоғары болғанын ескерген жөн. "Иә, мұндай өсім аса көп емес болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл ретте биылғы жылдың баға көрсеткішін есептейтін болсақ, 2022 жылғы тамыздағы көрсеткіш бірден 21,5 пайызға өскенін ескеру қажет. Яғни сол кездің өзінде (Түркияда демалу – ред.) шарықтап тұрған баға одан бетер көтерілген, – дейді сарапшылар.

Сондай-ақ 2022 жылдың тамызында Дубайда демалу құны да 26,8 пайызға өскен. Ал бүгінде бұл көрсеткіш 27,6 пайызға өскен, яғни биылғы баға көрсеткіші одан бетер жоғарылай түскен.

 - Әрине, басқа жерге де барып демалуға мүмкіндік бар – тасымалдау шығыны да төмен болуы ықтимал. Бірақ жақын маңдағы демалыс орындары да баға өсімі бойынша Түркияны қуып жеткен. Балама демалыс орындарына да сапарға аттану бағасы 2022 жылдың тамыз айының көрсеткіштерімен салыстырғанда 13,7 пайызға өскен, – делінген дереккөздің хабарламасында. 

Оқи отырыңыз: Вьетнамды су басты: толассыз жаңбырдан 9 адам қаза тапты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир