Саяхатшының сөзінше көлдің шығыс жағалауынан бастап әртүрлі табиғи бөгеттерді есепке алғанда жол қашықтығы 600 шақырымды құрайды. Егер ол осы белесті бағындырса Қазақстанның жаңа рекордына қол жеткізбек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қыста саяхат жасау туралы ой алғаш рет 2006 жылы келді. Балқаштың беткі мұз қабаты өте қатты. Велосипедпен қарға қарағанда мұздың үстімен жүрген ыңғайлы. Осы ой мені жиі мазалап, әне-міне деп жүрген болатынмын. Енді шынайы түрде жүзеге асыратын сәт туған сияқты» - деді саяхатшы Александр ГАБЧЕНКО.
Экспедицияның негізгі мақсаты - әлемдегі ең ірі көлдердің бірінің экологиялық жағдайымен және тұрғындардың салт-дәстүрімен танысу. Саяхатшы өзіне қажетті азық-түлікті, жеке заттарын арнайы жабдықталған велосипедпен алып жүреді. Бұл сапарға экспедиция мүшелері үш ай бойы дайындалған.
«Көл бетін 12-15 күнде жүріп өтсем деп жоспарлап отырмын. Күніне 60 шақырымды бағындыру ойымда бар. Кей күндері жылдам, кей күндері ақырын жүруім мүмкін. Сол себепті күніне орташа есеппен осы қашықтықты бағындырсам бәрі ойдағыдай болады» - деді саяхатшы Александр ГАБЧЕНКО.