Жетісудағы ұлттық парктерде құны 3 миллиард теңгеден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

qazaqstan3d.kz
qazaqstan3d.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі газ мәселесіне де тоқталды.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жер жәннаты Жетісудың жақсылығын отандастар ғана емес, шетел азаматтары да көру керек. Ол үшін өңір басшысы туризмді дамытуға айрықша мән беруі қажет. Әсіресе, Алакөл мен Балқаштың орасан зор әлеуеті бар. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев Алтынемел және «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркі – экологиялық туризмді дамыту үшін таптырмайтын жер екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әрине, туристер көптеп келу үшін тиісті инфрақұрылым салып, қолайлы жағдай жасау керек. Жетісудағы ұлттық парктерде құны 3 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ екен. Оған ірі инвесторлар тартылды. Қорықтарға апаратын жолдар жөнделіп жатыр. Ең бастысы, Лепсі-Балқаш тас жолының құрылысын алдағы екі жылдың ішінде бітіру керек деп тапсырды Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі газ мәселесіне де тоқталды.

«2025 жылға қарай Кербұлақ ауылынан Талдықорған қаласының маңына дейін барлық елдімекенді газбен толық қамтамасыз етуді тапсырамвн. Сонымен қатар, Талдықорған-Үшарал бағытында газ құбырын тарту керек. Бұл – 180 мың адам тұратын Ақсу, Сарқанд, Алакөл аудандарына газ жеткізуге мүмкіндік береді. Үкіметке осы жобаны қаржыландыруды тапсырамын. Сонымен бірге газ желісінне қосылу құны азаматтар үшін тым қымбатқа түспеуі қажет», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров