Іле-Алатау ұлттық паркіндегі жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өйткені жеке кәсіпкерлер экотуризм аясында негізігі міндеттерді орындамаған. Бұған дейін Ұлттық парктің 200 гектары 122 кәсіпкерге жалға берілген еді. Енді жекеменшік иелерімен жасалған 40 келісімшарт өз күшін жойды. Жалпы экотуризмді дамыту бағытын айқындау мақсатында бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен қоғамдық кеңестің жиыны өтті. Кеңеске эко-белсенділер, қоғамдық ұйымның өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Жиын кезінде Іле Алатау ұлттық паркі аймағында жаяу туризмді дамыту мәселелері көтерілді.
«Саябаққа келген адамның масқаты серуендеу, демалу болуы керек. Осы идеологияны адамдарға түсіндіру керекпіз. Паркке келгенде ешқандай салмақ түсірмеуіміз керекпіз. Өздеріңіз қараңызшы, өзен-өзеннің жағасын тас-талқанын шығарып болды. Машина кірмейтін жерге кіреді, от жағады, соның бәрінен біз аулақ болуымыз керекпіз», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.