|
26.02.2020 | 22:38
2586

Елеулі нәтижеге қол жеткізген бизнес ошақтарының бірі – RENION GROUP мейрамханалар желісі

Қазақстанда баламасы жоқ сервистер де қарастырылған

Елеулі нәтижеге қол жеткізген бизнес ошақтарының бірі – RENION GROUP  мейрамханалар желісі www.booking.com

Алматы – қызмет көрсету қаласы. Сондықтан кез келген кәсіпкер алдымен тұтынушысының көңілін табуға, халықаралық стандарттарға сай болуға талпынады. Ренион Хотелс Груп мейманханалар желісі бұл бағытта елеулі нәтижеге қол жеткізген бизнес ошақтарының бірі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бәсеке бар жерде, сапа да тиісті деңгейде. Ренион парк мейрамхана қызметкерлері келушілерді қашан да осылай жылы қарсы алады. Жалпы Ренион Хотелс Груп компаниясы бес түрлі бағытта сапалы қызмет көрсетеді. Заманауи мейманханаларда экономнан бастап люкс санатындағы жайлы номерлер ұсынылады. Барлық қызмет көрсету нысандарында ыңғайлы автотұрақ пен жаттығу залдары, СПА аумақ және конференц залдар бар. Тіпті, Қазақстанда баламасы жоқ сервистер де қарастырылған.

«Ренион жулияданың қасында 7-8 оқу орыны болғандықтан, біз оны қазіргі жастардың талабына сай жасадық. Ренион мейрамханасы бар.  Ол жерде үлкен екі банкет залы бар. Мерейтойлар, үлкен кештер,  үйлену, ұзату тойларын өткіземіз», – деді  RENION GROUP  мейрамханалар желісінің басқарушы директоры  Жанар МИНАЖОВА.

Бір ерекшелігі Ренион Хотелс Груп мейрамханалары бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Барлық қонақ үй жанында мейрамхана бар. Онда кез келген адам келіп, мереке өткізуіне барлық жағдай жасалған. Мәселен, мына жерде отбасымен келіп, түрлі жанұялық мерекелерді жасауға әбден болады. Балалар ойнайтын аумақ бөлек. Аппартаменттерде жеке ас бөлмесі қарастырылған. Тамақ әзірлеймін дегендер осында қалаған тағамын дайындаса болады. Ал мына қонақ үй бизнесмендерге арналған. Тыныш та, жайлы жер. Онда келіссөздер жүргізген де ыңғайлы. Тағамдар әрі балғын, әрі дәмді болу үшін, экологиялық таза өнімдер қала шетіндегі жеке шаруашылықтан күнделікті жеткізіліп тұрады.  

«Біздің өнімдер отандық десем де болады. Нағыз табиғи өнімдер. Өйткені біздің жеке шаруашылығымыз бар. Бірнеше жеміс-жидекті және көкөністі сол шаруа қожалығынан алып отырамыз. Ол шаруалықта ұсақ ірі қара мал да өсіріледі», – деді RENION GROUP мейрамханалар желісінің өндіріс меңгерушісі Тұрсынгүл САДЫРХАНОВА.

Ренион Хотелс Груп мейрамхана желісінің қызметкерлері арнайы оқу орталығында дәріс алады. Қойылатын талаптар өте қатал.  Әр  маман бірнеше тіл білуі шарт. Қызмет түрлері де үнемі жетілдіріліп, бизнестің өрге домалауына тың идеялар серпін беріп тұрады.

Өмір Әнуарбек Қобылан Әлдиебеков

"Алматы" телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир