|
26.11.2021 | 08:26
2622

Кемерово облысындағы шахтадағы апат: Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айтты

Өрт салдарынан 14 адам қаза тапты

Кемерово облысындағы шахтадағы апат: Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы "Листвяжная" шахтасында болған апат  салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып,  қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Кузбастағы "Листвяжная" шахтасындағы қайғылы оқиға 25 қараша күні таңертең болды. Өрт салдарынан 14 адам қаза тапты. 239 шахтер жер бетіне шығарылды. Зардап шеккен 43 адам ауруханаларға жеткізілді, олардың төртеуі ауыр халде. Өрт кезінде шахтада барлығы 285 адам болған. 46 кеншіні іздеу жалғасып жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Прямой эфир