Күйеуі көзіне шөп салғанын білген әйел кек алудың ерекше әдісін ойлап тапты

06.06.2019 04:30

Келіншек күйеуінің көлігін жезөкшелер үйінің қасынан көріп қалған

Австралияның Сидней қаласында күйеуі көзіне шөп салғанын білген келіншек, оның көлігінің терезесін темір баспалдақпен сындырды, деп хабарлайды Daily Mail.

Оқиға 3 маусымда болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел жезөкшелер үйінің қасынан күйеуінің көлігін көріп, ашуға булыққан екен.

«Келе жатсам, мына әйел көліктің терезесіне баспалдақ тығып жатыр», - дейді оқиға куәгері.

Оның сөзіне сүйенсек, келіншек жезөкшелерге барғаны үшін күйеуінен осылайша кек алған көрінеді.

Желі қолданушылары ер адам жезөкшелер үйіне құбырды тексеруге баруы да мүмкін ғой, қызғаншақ әйел қате түсініп қалған шығар деп пайымдады.