|
14.10.2021 | 08:05
1627

Тойда 120 адам жылқы етінен уланып қалды

Оқиға Қырғызстанда Созақ ауданының Бек-Абад ауылында 10 қазанда болған

Тойда 120 адам жылқы етінен уланып қалды Сурет: gakku-restaurant.kz

Той қонақтары жылқы етінен жаппай уланып қалды, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Оқиға Қырғызстанда Созақ ауданының Бек-Абад ауылында 10 қазанда болған.

Sputnik хабарлағандай, ауруханаға 124 адам түскен. Жалал-Абад ауданаралық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және жұқпалы аурулардың алдын алу орталығының басшысы Рома Ураимовтың айтуынша, ауылда сүндет той өткізу үшін жылқы сойылған.

Жергілікті тұрғындар келесі күні дәрігерлерге қарала бастапты. Ураимов науқастардың арасында туыстары тойдан үйге әкелген жылқы етін жегендер де бар екенін атап өтті. 16 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары үйде ем қабылдап жатыр.

«Қазір науқастардың бәрі бақылауда. Ауруханаға жатқызылғандардың арасында төрт жасөспірім бар. Эпидемиологиялық тексеріс жүргізілуде», – деді орталық басшысы.

Жалал-Абад облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі тойды 57 жастағы ер адам өткізгенін хабарлады. Ол 9 қазанда жылқы сойған, ал 10 күні мереке өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир