Дженнифер Лопес Бен Аффлекпен ажырасуға өтініш берді

22.08.2024 13:19

Олар 2022 жылдың шілдесінде Лас-Вегаста ресми түрде үйленген

depositphotos.com / imagepressagency

Голливуд жұлдыздары Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек екі жылдық некеден кейін ажырасып жатыр. Би-би-си алған сот құжаттарына сәйкес, Лопес сейсенбіде Лос-Анджелес округінің Жоғарғы сотына ажырасу туралы арыз берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құжаттарда 55 жастағы әнші 52 жастағы актермен ресми түрде ажырасатын күн - ағымдағы жылдың 26 сәуірі белгіленген.

Олар 2022 жылдың шілдесінде Лас-Вегаста ресми түрде үйленді және сол жылдың 20 тамызында Джорджияда үйлену тойын өткізді.

БАҚ жазғандай, Лопес пен Аффлек некелерінің екінші мерейтойын 2024 жылдың 16 шілдесінде екі бөлек өткізді және оған дейін Беверли-Хиллздегі үйлерін 65 млн долларға сатуға қойды. Сонымен қатар, баспасөз ерлі-зайыптылардың неке сақиналарынсыз жүргенін байқаған.

Лос-Анджелес округінің Жоғарғы сотына берілген құжаттарда Лопес пен Аффлек бір-бірімен қаржылық ақпаратты, соның ішінде ағымдағы кірістер мен шығындарын, жылжымайтын мүлік пен қарыздарды «барлық қаржылық мәселелер бойынша түпкілікті келісімге келгенге дейін» бөлісуі керек екенін атап өтеді.

Лопес пен Аффлек алғаш рет 2002 жылы «Джиьи» фильмінің түсірілім алаңында кездесті. 2004 жылдың басында қарым-қатынасын үзді, бірақ оны жиырма жылға жуық уақыттан кейін қайта жалғастырды.

52 жастағы Аффлек бұған дейін «Перл-Харбор» фильмінің түсірілімінде танысқан актриса Дженнифер Гарнермен некеде болған. Олар 2015 жылы 10 жыл отасқаннан кейін ажырасты, ортақ үш баласы бар.

Лопес болса, төрт рет тұрмыс құрған: алдымен даяшы Охани Ноаға, содан кейін биші Крис Джадқа, содан кейін әнші Марк Энтониге (осы некеде олардың егіздері – ұлы мен қызы болды).

Оқи отырыңыз: Жапон әйелі әлемдегі ең қарт адам атанды