ЕО елдері Ауғанстаннан 17,5 мың адамды эвакуациялады

03.09.2021 в 13:25

Еуропалық Одақтың Ауғанстандағы миссиясының барлық қызметкерлері Испаниядағы арнайы құрылған көші-қон орталығына жеткізілді

ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррелл ЕО елдерінің Ауғанстаннан 17,5 мың адамды эвакуациялағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Еуроодақ елдері барлығы 17,5 мың адамды эвакуациялады», – деп хабарлайды ТАСС.

Ол Еуропалық Одақтың Ауғанстандағы миссиясының барлық қызметкерлері (оның ішінде миссияның 520 қызметкері мен олардың отбасы) Испанияда арнайы құрылған көші-қон орталығына жеткізілгенін айтты.