Шоу көрсетіп жатқан жүздеген дрон елдің басына құлады
Видеодан кадр
Сауда орталығының маңында ұйымдастырылған жарық-шоуды тамашалауға 5 мыңнан аса адам келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдың Чжэнчжоу қаласында ұйымдастырылған жарық-шоу кезінде 200 дрон көкке көтерілген. Шоу кезінде дрондар кенеттен жаппай жерге құлап, жиналған көпшіліктің есін шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Он шақты дрон кенеттен ағаштар мен көліктерге құлай бастады, деп жазды Instagram желісіндегі qazaqpyz_goi парақшасы.
Сауда орталығының маңында ұйымдастырылған жарық-шоуды тамашалауға келген 5 мыңнан аса адам аспаннан дрондар құлай бастағанда, жан-жаққа қашқан. Бұл жағдайға дрондарды жерден басқаратын құрылғыдан шыққан техникалық ақау себеп болған көрінеді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Дереккөзі: exk.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31