|
28.04.2020 | 08:37
1085

Арменияда төтенше жағдай кезінде оқу жылының қалай аяқталатыны белгілі болды

Бұл туралы Армения білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Араик Арутюнян айтты

Арменияда төтенше жағдай кезінде оқу жылының қалай аяқталатыны белгілі болды inform.kz

Армения білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі төтенше жағдай режимінде биылғы оқу жылының аяқталуы кезіндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Дүйсенбі күні Армения білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Араик Арутюнян Facebook-тегі тікелей эфирі барысында биылғы оқу жылының аяқталу процесіндегі өзгерістер туралы үкіметтің қабылдаған шешімі туралы мәлім етті. Атап айтқанда, Армения үкіметінің шешімі бойынша елде ағымдағы оқу жылы аяқталғанша оқу орындарында сабақ болмайды, білім алушылар оқу жылын қашықтан бітіреді.

Бұған қоса, Армения мектептерінде түрлі емтихандар тоқтатылды. Оқу жылының қорытындысы оқушылардың 13 наурызға дейін көрсеткен нәтижелері бойынша шығарылады. Аттестаттар 25 мамырға дейін беріледі. Армения орта-арнаулы оқу орындарындағы емтихандар мен диплом қорғау процестері де тоқтатылды. Қорытынды нәтиже мектеп процедурасындағы секілді шығарылады. Дипломдар 5 маусымға дейін берілмек.

Министрдің айтуынша, жоғары оқу орындары ТЖ режимі жағдайы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелеріне сәйкес, 1 шілдеге дейін емтихандар өткізу және диплом беру тәсілін өздері таңдайды. Еске салайық, Арменияда 16 наурыздан 14 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир