Қала аудандары, көліктер су астына кеткен
Пәкістанның Карачи қаласындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 147 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Пәкістанда жаңбырлы маусым шілде айының ортасына дейін жалғасады. Синоптиктердің болжамынша биылғы жауын-шашын мөлшері екі есе көп болады. Қазіргі кезде Пәкістанның Карачи қаласындағы жағдай күрделі. Қаланың аудандары, көліктер су астына кеткен.